Қазақстан жастар ақпараттық қызметі жастарды оқыту және жастар бірлестіктері арасындағы ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты кеңейту арқылы оларды қоғамдық пайдалы қызметке тартып, Қазақстандағы жастардың азаматтық белсенділігін дамытумен айналысады.
ҚЖАҚ мерейтойы
2023 жылы Қазақстан жастар ақпараттық қызметі 25 жылдығын атап өтті.
13
Зерттеу
>2000
Жастар тақырыбына арналған басылымдар
>30 000
Жастар оқудан өтіп, тәжірибеден өтті
25 жыл бойына жұмсадық
~250
Пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және презентациялар
Кішігірім кеш ұйымдастырып, жұмысымыздың нәтижесімен бөлістік және онда достарымыз бен әріптестеріміз жылы лебіздерімен бөлісіп, құттықтауларын айтты.
2024 жылдың көрсеткіштері
1361
жоба қатысушылары
Instagram-дағы қамту
1 974 551
15
жоба
8
филиал
>500
-ден астам мақала
Сайт жəне əлеуметтік желілерде
Youth.kz
Тарихтың ақтаңдақ беттері
«Тарихтың ақтаңдақ беттері» арнасында Қазақстанның қазіргі тарихын оның куәгерлерімен бірге талдаймыз. Мұнда КСРО-ның соңғы жылдарын және деколонизация мәселесін талқылаймыз, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы демократияның даму процесі туралы сөз қозғаймыз.
Бағдарлама қонақтары – суретші Сәуле Сүлейменова, өнертанушы Валерия Ибраева, құқық қорғаушы Евгений Жовтис және депутаттыққа тәуелсіз кандидат, бақылаушы Арайлым Назарова болды.
ҚЖАҚ 2023 жылдың маусым айында Youth.kz жастар медиасын іске қосты. Бұнда біз саясат пен адам құқықтары туралы жазамыз, терминдерді түсіндіреміз, құқықтық талдау жүргіземіз, сондай-ақ, қызықты ұйымдарда тағылымдама мен жұмыс орындарын тауып, жариялаймыз.
Біз Қазақстан жастарына маңызды ақпараттан хабардар болып, өз құқықтары жайлы білуге көмектесеміз. Біздің журналистеріміз оқырмандарымыз сияқты студенттер, жас мамандар мен жас сарапшылар.
vibory.watch
166
256
Жас сайлаушылар лигасы
ЖОБАЛАР
124
Протоколдар расталды
Алматыдағы қамтылған учаскілер саны
Мәжіліс пен мәслихат сайлауы, 2023 жыл, 19 наурыз
Жоба 1999 жылғы парламент сайлауынан бастап жұмыс істеп келеді. Біз жастарды сайлау сауаттылығына және сайлауды бақылауға үйретіп, дауыс беруде жастардың құқықтарын қорғаймыз.
2023 жылы парламенттік сайлауда бақылаушы болдық.
Протоколдар алынды
29 наурызда ҚЖАҚ «Сандж» орталығымен бірлесіп, баспасөз конференциясын өткізді: Біз қоғамның сайлауға деген сенімін жоғалтқанын, ал жастардың дауыс беруге мүлдем келмегенін көрсеттік. Сайлау күні сайлау учаскілерінде 120 заң бұзушылықты тіркедік, олар бойынша ҚЖАҚ ОСК мен АСК-ке 14 шағым мен сотқа екі өтініш түсірді.
Азаматтық білім беру мектебі – бұл белгілі саясаткерлер, саясаттанушылар, журналистер, экономистер, сонымен қатар мәдениет және білім қайраткерлері өткізетін дәрістер мен мастер-кластар топтамасы. Мұнда біз саясат пен негізгі адам құқықтарына талдау жасаймыз. 2023 жылы ҚЖАҚ Алматыдағы азаматтық білім беру мектебінің 24-ші маусымын өткізді, оған 71 адам қатысты. Жалпы алғанда, 30 сағат дəріс өткізілді, 17 спикер сөз сөйледі. Мектеп бағдарламасына адам құқықтары мен бостандықтары, жалған ақпарат және үгіт-насихат, сот жүйесі, бизнес пен саясат, феминизм мен дәстүр, салық және сайлау тақырыптары кірді.
Адам құқықтары мектебі
Адам құқығы мектебі Қазақстанда жас құқық қорғаушыларды тәрбиелейді. Қатысушылар базалық білім алып, кішігірім адвокациялық жұмыс арқылы адам құқықтарын қорғауды үйренеді.
2023 жылы ҚЖАҚ Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Өскемен, Петропавл қалаларында Адам құқығы жөніндегі кіріспе семинарлар өткізіп, 300-ден астам қатысушыны қамтыды. Олардың 25-і адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды қарастыратын базалық курсқа қатысты. Оның төрт түлегі адам құқықтарын қорғау саласында өз жобаларын іске асырды.
Базалық курстың 4 түлегі адам құқықтары саласындағы жеке жобаларын бастады.
Жоба Қарағанды облысындағы қиын жасөспірімдерді адам құқықтарына оқытады. Жоба жетекшісі Ардана Мырзанова оларды адам құқығына оқыту кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.
Қарағанды, Теміртау, Саран, Қарқаралы аудандарында 170 оқушы мен студентке адам құқықтары бойынша тренингтер өткізіліп, 10 қиын жасөспірім оқытылды. Тренинг тақырыптары: адам құқықтары, буллинг, нашақорлық салдары, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігі.
Сонымен қатар қатысушылар Дүниежүзілік адам құқықтары күніне арналған жоба аясында 300 студентке адам құқықтары туралы кітапшалар таратты. Жоба соңында ҮЕҰ өкілдері, заңгерлер және белсенділер арасында құқықтық білім берудің маңызы туралы пікірталас өтті.
«Бүгін-ертең»
Таңшолпан Рыскелдинаның «Үміт терезі» жобасы Ақтөбедегі сексуалды зорлық зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге, зардап шеккендерді дестигматизациялауға және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы проблема туралы ақпарат таратуға, сондай-ақ дағдарыс орталығының қызметкерлерімен және полиция қызметкерлерімен жұмыс істеуге бағытталған.
Жоба аясында Таңшолпан «Әйел тағдыры» атты фотокөрме ұйымдастырып, еркінен тыс тиран әрі абьюзерге тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы көрсетілді. Жобаның Instagram парақшасында Ақтөбедегі тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы және онымен күресу шаралары туралы ақпараттар жарияланған.
«Үміт терезесі»
Жоба оқушыларды зияткерлік карта ойыны арқылы адам құқықтарын оқытуға бағытталған. Жоба авторлары Айим Асылханова, Екатерина Шерманова және Кристина Михаилова білім министрлігіне адам құқықтарын оқыту бойынша ұсыныстар жасау мақсатында мектептердегі құқықтық сауаттылық деңгейін зерттеді.
Қыздар «У права» ойынын дамытып, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде адам құқықтары бойынша тренингтер өткізді.
Жоба мақсаты - Қазақстанда жиі жабылатын платформаларды, қосымшалар мен медиа-ресурстарды анықтау және бұғаттау мен шатдаун кезінде не істеу керектігі туралы жадынамаларды әзірлеу.
Заңдарды зерделеп, сарапшылармен сұхбаттасқаннан кейін жоба авторлары Ақерке Мәден мен Дмитрий Абрамов «Қазақстандағы шеруге қатысу кезінде және шатдаун жағдайында азаматтардың қауіпсіздігі» жөніндегі нұсқаулық әзірледі, сондай-ақ Қазақстандағы митингілердегі ақпараттық қауіпсіздік пен тәртіп мәселелері бойынша
«Qantar emes»
Адам құқықтары саласындағы білім беру ҚЖАҚ-ның басты назарында. 25 жылдан бері біз жастарға тегін тренингтер өткізіп, адам құқығын оқытып келеміз. 2023 жылы Қазақстан мектептеріндегі адам құқығы бойынша білім беру деңгейін түсіну үшін біз "адам құқығы саласындағы бағдарламаларды карталау" зерттеуін бастадық. Жұмыс нәтижесі бойынша ҚЖАҚ Әділет министрлігі жанындағы сараптамалық топқа кірді және мектеп біліміне адам құқығын енгізуді алға қоюда.
435
респондент
9
облыс
145
мұғалім, оқушылар мен студенттердің атааналары
40
сарапшы
366
бағдарлама мен бастамаға шолу
Зерттеу нәтижелерін Әділет министрлігі мен Білім министрлігіне, сондай-ақ азаматтық қоғамға таныстырдық.
Адам құқықтары жөніндегі бағдарламаларды картаға түсіру
Зерттеулер
Qantar-2022-ні құжаттандыру жұмысы
ҚЖАҚ 2023 жылдың 15 желтоқсанында Алматыда 2022 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың мамыры аралығында өткізілген Қаңтар оқиғаларын құжаттандыру нәтижесі бойынша "Ақпаратқа қол жеткізу: Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында өткен наразылықтар кезіндегі және одан кейінгі азаматтардың өтініштері мен билік месседждері" баяндамасының тұсаукесерін өткізді.
Qantar-2022-ні құжаттандыру жұмысы куәгерлер айғақтарын жазып алу, болашақта мүмкін болатын құқықтық сараптама және тарихи естелік үшін жасалды.
жуық екі тілде хабарлар, 7 санат бойынша есеп беру жəне ақпаратқа қолжетімділік бойынша құқықтық базаны талдау.
БАҚ-та жəне əлеуметтік желілерде
сұқбат
«Қазақстандық тағылымдамалар бағдарламасы» - Қазақстанның кез келген қаласындағы үздік коммерциялық емес ұйымдарда, тәуелсіз медиада және әлеуметтік жауапты бизнес-компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін жастарға арналған төленетін бағдарлама.
2023 жылы бағдарламаның 5 түлегі Алматыда жобаны басқару бойынша тренинг тәмамдап, ProQarzhy қаржылық сауаттылық жобасын іске қосты. • Еркебұлан Қуанбай Астанадан (Factcheck), • Ақниет Алдаберген Ақтаудан (Manshuq Media), • Батыржан Құсайынов Ақтөбеден (Urban Forum Kazakhstan), • Бейімбет Молдағали Астанадан (Vlast.kz), • Еркеназ Қорғау Өскеменнен ( ОФ "SVET").
«Тренингтен жобаларды ойдағыдай жоспарлауға және іске асыруға сенімділік пен практикалық дағдылар алдым. Мен қазір жоспарлау процесінде әрбір қадамның маңызды екенін түсінемін және нақты мақсаттар қою үшін SMART әдісін қалай қолдану керектігін білемін. Осы білімнің арқасында кәсіби қызметімде жобаларды тиімді басқаруға өзімді компетенттімін деп есептеймін».
Ақниет Алдаберген,
Manshuq Media-да тағыламдамадан өтуші.
Қазақстандық тағылымдамалар бағдарламасы
Заңгерлік қызмет
Бұл 35 жасқа дейінгі жастарға білім алу, еңбек және саяси құқықтары бойынша заңгерлік көмек беретін тегін қызмет.
2023 жылы бізге 42 өтініш келіп түсті.
Əйелдерден – 33 өтініш
Ерлерден – 9 өтініш
Тақырып тұрғысынан көшбасшылар:
Еңбек құқығы
өтініш
Сайлау құқығы
өтініш
өтініш
Білім беру құқығы
5
5
4
ДЕЗИНФОРМАЦИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ
1 тамызда ҚЖАҚ Бішкекте "Дезинформацияның Орталық Азия қоғамына әсері" атты дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 4 сарапшы өз елдерінде жалған ақпаратпен және үгіт-насихатпен қалай күресетіні туралы зерттеулерін таныстырды.
Ал 2-6 тамыз аралығында ҚЖАҚ мен Kloop.kg-ның 13 тренері қатысқан біліктілікті арттыру бойынша тренингтер өтті. Өз кезегінде тренерлер өз өңірлеріндегі ауылдар мен қалаларда медиа сауаттылық, фактчекинг және жалған ақпаратты талдау бойынша тренингтер өткізді.
ҚЖАҚ "Дезинформацияның Қазақстан қоғамына әсері" (2022) зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Жиналған мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 73%-ы ақпараттық өрісте оңай бағдарланатынын мәлімдеді. Алайда 80%-ы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты тексеріп қарамайды немесе оны сирек жасайды.
«Ашық Парламент» 2002 жылдан бері жұмыс істейді және парламентте жастардың шешiм қабылдау процесiне қатысу деңгейiн арттыруға бағытталған. Біз қатысушыларға заң жобасын әзірлеу технологиясын үйретеміз, оларды Парламент Мәжіліс депутаттарымен таныстырамыз және Мәжіліс жұмыс тобына қосылуға көмектесеміз.
2023 жылы жобаға қатысқан Зият Әбдіқаимов ақпаратқа қол жеткізу бойынша жұмыс тобына кірді, онда веб-ресурстарға қолжетімділік бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеуді ілгерілете алды, содан кейін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру туралы Ақпарат министрлігінің бұйрықтарына түзетулер енгізуге болады.
Ал шілде айында жоба қатысушылары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жас парламентшілер желісімен онлайн кездесуге қатысты. Олар отбасылық саясат, көші-қон, жасанды интеллект, АИТВ жұқтырған азаматтардың әлеуметтік осал тұстары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты түрлі комитеттердегі жұмыстарын талқылады. ЕҚЫҰ ПА өкілдері мұндай кездесулер қазақстандық сарапшылардың бағасын ЕҚЫҰ жобаларына енгізуге, қарарлар жазуға және шешім қабылдау үдерістеріне мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жыл адамы жəне бастамасы» жүлдесі
2020 жылы біз жас қазақстандықтарды адам құқықтарын, медианы, өнерді, экологияны және қалалық инфрақұрылымды дамыту жолындағы жұмыстарына қолдау білдіру үшін "Жыл адамы және бастамасы" жүлдесін беруді шешті. 2023 жылғы жүлдеге 27 белсенді мен бастама ұсынылды, сондай-ақ 5 адам "Ерекше үлесі үшін" марапатына ие болды. Дауыс беруге 2841 адам қатысты.
Адам құқықтары күніне арналған Human Rights Fest – Адам құқығы күніне арналған фестивал. Оны 7-15 желтоқсан аралығында Алматыда атап өттік және 200-ден аса қатысушы жиналды. Фестиваль аясында өткен шаралар:
Human Rights Bar: жылдың саяси шолуы, StandUP, музыка мен фуршет
«Жыл адамы және бастамасы» жүлдесі жеңімпаздарын марапаттау
Адам құқықтары саласындағы білім беру бағдарламаларының картасын таныстыру
«2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезіндегі ақпаратқа қол жеткізу» баяндамасын таныстыру
Пікірлер
ҚЖАҚ редакциялық тобы SEO іздеу жүйесін оңтайландыру, сондай-ақ әлеуметтік медианы жылжыту және таргетинг бойынша тренингтерден өтті.
2-6 тамыз аралығында ҚЖАҚ-тің 6 қызметкері мен еріктілері Бішкекте жалған ақпарат және медиасауаттылық бойынша тренерлер үшін тренингтен өтті. Одан кейін олар Қазақстанның төрт қаласында медиа сауаттылық, фактчекинг және дезинформациялық талдау бойынша тренингтер өткізді.
Жаттығулар мен саяхаттар:
Жас сайлаушылар лигасының үйлестірушісі Валерий Володин IVLP бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы сайлау тәжірибесін зерттеді: «Ғалымдар мен еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар, республикашылдар мен демократтар мақтанышымыз бен қайғымызды бөлісу, жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді есту үшін бізбен кездеседі. Иә, американдық саяси жүйе кейде жарияланған идеалдарынан алшақ. Ал әсерлі бастамалардың көпшілігін әділдік іздеген мүдделі азаматтар жасайды».
Серіктестерге алғыс
Қолдауларыңыз үшін сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарлама кеңсесі National Endowment for Democracy Sigrid Rausing Trust Freedom House Kazakhstan Норвегиялық Хельсинки комитеті CRDF Global Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі Amnesty International National Democratic Institute Орталық Азияның Еуразия қоры АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі US Department of State Америка бұрышы Kloop.kg редакциясы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро Ар.Рух.Хақ қоры, Alma University FactCheck.kz редакциясы Нархоз университеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі